Бүгін №14 орта мектепте сынып жетекшілерінің жиналысы өтті. Жиында
Бүгін №14 орта мектепте сынып жетекшілерінің жиналысы өтті. Жиында «Біртұтас тәрбие бағдарламасының» жүзеге асырылуы талқыланды. Бағдарламаның негізгі мақсаты – жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу. Жиналыста сыныптағы тәрбие жұмысын нығайту, оқушыларды түрлі іс-шаралар мен жобаларға қатыстыру арқылы дамыту мәселелері қаралды. Бірлесе отырып, жауапты және белсенді тұлғаларды тәрбиелеуге жағдай жасаймыз!