Бас Прокурор ЭЫҰ Бас прокурорларының отырысында қоршаған ортаны қорғау бойынша Қазақстанның бастамаларын таныстырды » №14 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№14 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бас Прокурор ЭЫҰ Бас прокурорларының отырысында қоршаған ортаны қорғау бойынша Қазақстанның бастамаларын таныстырды
26
сентябрь
2025

Бас Прокурор ЭЫҰ Бас прокурорларының отырысында қоршаған ортаны қорғау бойынша Қазақстанның бастамаларын таныстырды

Ташкентте Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Асылов Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің бас прокурорларының 6-отырысына қатысты.Жиында Әзербайжан, Иран, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түркия, Түрікменстан және Өзбекстан прокуратурасының басшылары экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және орман қорын қорғау, сондай-ақ шығарындыларды азайту, заңсыз ағаш кесу мен браконьерлікке қарсы күрес мәселелерін талқылады.

Ерекше көңіл экожүйелерді қалпына келтіру мен сирек кездесетін жануарларды қорғау шараларына бөлінді.

Сонымен қатар, қатысушылар сот-құқықтық реформалар және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тәжірибелерімен бөлісті.

Экологиялық тақырып аясында Қазақстан қадағалау органының басшысы экология және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану – тұрақты дамудың кепілі екенін атап өтті. Қазақстан бұл мәселелерге стратегиялық басымдық береді және «ластаушы төлейді» қағидатына сәйкес, табиғатқа зиян келтірген әрбір адам тек шығынды өтеп қана қоймай, заң алдында жауап беруі тиіс екенін ұстанады.

Сонымен бірге, Б. Асылов Қазақстан прокуратурасының табиғатты пайдалану саласындағы қадағалау тәжірибесін, су ресурстарының сапасы мен ормандарды қорғау бойынша бақылау жұмыстарын таныстырды.

Ол өртті ерте анықтау жүйесін енгізу шаралары туралы да айтып өтті. Бұл жүйе өрттердің аумағын төрт есеге қысқартуға мүмкіндік берген.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив