18
ноябрь
2025
Бүгін оқушылармен жолда жүру ережелерін сақтау жөнінде түсіндірме жұмысын жүргізілді. Әңгіме барысында балаларға жаяу жүргіншінің қауіпсіздігі, жолдан өту тәртібі және жол белгілерінің маңызы туралы ақпарат берілді.
https://www.instagram.com/school_14kosozen/reel/DRL-AaZiI4t/?hl=ru
Түсіндірме жұмысының негізгі бағыттары:
• Жолды тек жаяу жүргіншілер өткелінен немесе бағдаршамның жасыл жарығында ғана кесіп өту керек екені түсіндірілді.
• Бағдаршамның түстері мен олардың талаптары (қызыл — тоқтау, сары — дайындалу, жасыл — жүру) туралы айтылды.
• Аула ішінде және көше бойында жүру кезінде сақтық шараларын сақтау, ойнап жүгірмеу, көліктерге жақындамау туралы ескертілді.
• Қоғамдық көлікке міну және түсу кезінде қауіпсіздік сақтау жолдары түсіндірілді.
• Жолда ұялы телефон қарау, құлаққап кию секілді назарды бөлетін әрекеттердің қауіптілігі айтылды.
Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап беріп, өздері де жолда жүру тәртібі туралы пікірлерімен бөлісті.
Жұмыстың мақсаты — оқушылардың жолдағы қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру және түрлі қауіпті жағдайлардың алдын алу.