30
март
2026
“№14 орта мектеп” мемлекеттік коммуналдық мекемесі төмендегі бос және уақытша бос лауазымдарға конкурс жариялайды:
- Математика пәні мұғалімі 16 сағат (тұрақты);- Орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі 16 сағат(тұрақты);- Ағылшын тілі пәні мұғалімі.16 сағат (уақытша декрет орны)
- хатшы (тұрақты)
Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер 57 бұйрық бойынша төмендегі құжаттарды жинақтап әкелуі тиіс:
- 5-қосымшаға сәйкес Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
- кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
- Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
- «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175
/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
- психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- наркологиялық ұйымнан анықтама;
- сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог- модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
- тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.Байланыс номері: +7 747 692 6342