31
март
2026
❗️ ХАБАРЛАНДЫРУ
❗️ ХАБАРЛАНДЫРУҚұрметті ата-аналар!📣 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі 1 сәуірден 27 мамырға ауыстырылды 📣Оқу-ағарту министрлігі өткен жылдардағы тәжірибені зерделей келе, оқушыларды 1-сыныпқа қабылдау науқанының басталу мерзімін 1 сәуірден 27 мамырға ауыстыру туралы шешім қабылдады.
Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Өзгеріс құжат қабылдауды тиімді әрі сапалы ұйымдастыру және оқу процесіне кедергі келтірмеу мақсатында жасалған.
📢 Биыл құжат қабылдау 27 мамырдан басталып, 31 тамызға дейін жүргізіледі 📚