18
апрель
2026
🌱ІЛЕ АУДАНЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АЯСЫНДА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ
https://www.instagram.com/school_14kosozen/reel/DXRx_3fCHju/?hl=ru
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Іле ауданында 2026 жылғы 18 сәуір күні кезекті санитарлық тазалық сенбілігі ұйымдастырылды.
Ауқымды тазалық шарасына 1836 адам қатысып, 25 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 26,3 тонна қоқыс шығарылып, аудан аумағында 2220 түп ағаш отырғызылды.
Сонымен қатар, Өтеген батыр ауылындағы орталық стадион аумағында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, 3000 орындыққа сырлау жұмыстары жасалды.
Сенбілік барысында елді мекендердің көшелері, қоғамдық орындары мен аулалары тазартылып, көріктендіру жұмыстары атқарылды.
Аталған акция тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға, туған жерге жанашырлықпен қарауға және ауданның көркеюіне бағытталған маңызды бастама болып табылады.