02
октябрь
2019
1-қазан халықаралық қарттар мерекесі
Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру,үлкенді сыйлай білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу мақсатында "№14 орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесінде 9 "А" сынып оқушыларының ұйымдастыруымен "Қарттарым -асыл қазынам" тақырыбында ауылдың ақсақалдары мен ақ жаулықты аналарын мектепке шақырып кездесу, мерекелік іс-шара өткізілді. Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Ұлы еліміздің өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы ата-әжелеріміздің арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата- әжелеріміздің төл мерекесі. Ардарқы ата-өмір жолдары - бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.