01
сентябрь
2021
Білім күні!
«1 қыркүйек - Білім күні” мерекесіне байланысты барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, 1-сыныптар үшін “Кел, балалар, оқылық!” атты мерекелік іс-шара өткізілді. Оқушыларға алғашқы оқулық “Әліппе” табысталды. 2-11 сыныптар үшінде сынып кабинеттерінде “Тәуелсіздік жетістіктері” тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Барлық іс-шаралар Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылды.