14
декабрь
2024
STEM технологиясы бойынша 5Е моделіндегі облыстық сабақ 11”А” сынып оқушыларымен қазақ әдебиеті сабағы Ерболат Әбікенұлының “Пәтер іздеп жүр едік” шығармасы ✊🏻😘❤️
https://www.instagram.com/nazerketobaeva/reel/DDhts-eiUuH/
STEM технологиясы бойынша 5Е моделіндегі облыстық сабақ 11”А” сынып оқушыларымен қазақ әдебиеті сабағы Ерболат Әбікенұлының “Пәтер іздеп жүр едік” шығармасы ✊🏻😘❤️
Әріптестер арасында өзімнің жаңа тәжірибемді бөлісіп, білім беру саласындағы жетістіктерімді көрсету - мен үшін үлкен қуаныш. Осы жолы облыстық деңгейде қазақ әдебиеті сабағын Стем (STEM) технологиясы бойынша 5Е моделін қолдана отырып өткіздім. Бұл әдіс оқушыларды пәнге деген қызығушылықтарын арттыруға, олардың шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін дамытуға , алған білімдерін өмірде мақсатты түрде қолдануға бағытталған.
Сабағымды жоспарлау барысында STEM технологиясының тиімділігін көрсетуді мақсат етіп, 5Е моделі арқылы қадамдап отырып, оқушыларға әдеби шығармаларды түсіну, талдау және өз пікірлерін жүйелі түрде жеткізу мүмкіндігін бердім. Сабақ барысында әрбір кезеңді түсіндіре отырып, оқушылардың қызығушылығын оятып, теорияны практикамен ұштастырдым.
Оқушылардың белсенді қатысуы, шығармашылық жұмыстарға деген ынтасы, сұрақтарға жауап беру кезіндегі өз ойларын жүйелі түрде жеткізуі мені қатты қуантты. Сабақ соңында жоғары бағалар мен оң пікірлер алып, әріптестерімнен ризашылық білдіргенін естігенде, бұл әдістің тиімділігіне тағы бір көз жеткіздім.
Жоғары деңгейде ұйымдастырылған сабағым облыстық деңгейде жоғары бағаланып, көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Бұл мен үшін үлкен мотивация, әрі білім беру жолындағы жаңа белеске жеткенімнің дәлелі.
Осындай тәжірибелермен бөлісіп, білім саласында жаңа тәсілдерді енгізу мен үшін үлкен мәртебе. Мұндай сабақтарым алдағы уақытта да оқушылардың білімін тереңдетуге және ұстаздық шеберлігімді арттыруға ықпал етеді деп сенемін.