Іс-шаралар » Страница 26 » №14 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№14 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
Терроризмнің алдын алу және экстремизмнің зардаптары туралы оқушылармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
24
октябрь
2025
Терроризмнің алдын алу және экстремизмнің зардаптары туралы
https://www.instagram.com/school_14kosozen/reel/DQMAaLuCBDi/?hl=ru Шара барысында оқушыларға терроризмнің қоғам мен адам өміріне тигізетін зияны, қауіпсіздік ережелері мен сақтық шаралары түсіндірілді. Мақсат — жас ұрпақтың бойында бейбітшілікті қадірлеу, төзімділік пен отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру.
№14 орта мектеп 25 қазан — Республика күніне орай 7-сынып оқушылары мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырды. 🎤✨
24
октябрь
2025
№14 орта мектеп 25 қазан — Республика күніне орай 7-сынып оқушылары
https://www.instagram.com/school_14kosozen/reel/DQL7r_8CGaT/?hl=ru Оқушылар өз өнерлері арқылы елімізге деген сүйіспеншіліктерін білдіріп, ән мен би арқылы мерекенің сәнін келтірді. Мақсат — жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыру және тәуелсіз еліміздің қадірін ұғындыру. 💙 🎉 Республика күні құтты болсын! Қазақстанымыз мәңгі жасай берсін! 🇰🇿
📚 Оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру – басты мақсатымыз!
21
октябрь
2025
📚 Оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру – басты мақсатымыз!
https://www.instagram.com/school_14kosozen/reel/DQEDAdFCDhl/?hl=ru Бүгінгі таңда кітап оқу – тұлғаның ой-өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байытудың ең тиімді жолы. Мектебімізде оқушылардың кітап оқуға ынтасын арттыру, өз ойын еркін жеткізуге дағдыландыру және тіл байлығын дамыту бағытында “Кітаппен өткен демалыс күнім қызықты”тақырыбында оқу марафоны өткізілді🌟 Мақсаты:Әр оқушының жүрегінде кітапқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
25 Қазан – Республика күні! 🎉
20
октябрь
2025
25 Қазан – Республика күні! 🎉
https://www.instagram.com/school_14kosozen/reel/DQCWYF7CHtr/?hl=ru Осы мерекеге орай 8 “Ә” сыныбында тәрбиелік мәні зор сынып сағаты өтті. Оқушылар тәуелсіз еліміздің тарихына шолу жасап, Отанға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімдерін білдірді. 💙 Сынып жетекшісі :Мустафаева А.А. Іс-шара оқушылардың елжандылық қасиеттерін қалыптастырып, патриоттық рухын көтеруге бағытталды. 
25 Қазан – Республика күні! 🎉
20
октябрь
2025
25 Қазан – Республика күні! 🎉
​https://www.instagram.com/school_14kosozen/reel/DQCWF--iGkY/?hl=ru​​​ Осы мерекеге орай 5 “А” сыныбында мазмұнды сынып сағаты өтті. Сабақ барысында оқушылар еліміздің тәуелсіздік тарихымен танысып, Отанға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімдерін білдірді. 💙 Сынып жетекшісі: Тобаева Н.С. Іс-шара оқушылардың отансүйгіштік рухын арттыруға бағытталды. 🌟
Бүгін мектебімізде “Қазақстан болашағы жастардың қолында” тақырыбында 10 “А” және 10 “Ә” сыныптары арасында дебат сайысы өтті. 🎓
20
октябрь
2025
Бүгін мектебімізде “Қазақстан болашағы жастардың қолында” тақырыбында
​https://www.instagram.com/school_14kosozen/reel/DQBrF0AiG40/?hl=ru​​​ Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, пікірталас мәдениетін көрсетті. Тақырып аясында еліміздің болашағы, жастардың рөлі мен жауапкершілігі жайлы мазмұнды пікірлер айтылды. 💬 Шараның мақсаты — оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту, шешендік өнер мен азаматтық көзқарасын қалыптастыру. 🌟
🍁 Күзгі жәрмеңке – шығармашылық пен шабыт мерекесі! 🎨
20
октябрь
2025
🍁 Күзгі жәрмеңке – шығармашылық пен шабыт мерекесі! 🎨
https://www.instagram.com/school_14kosozen/reel/DQBoEf0iIRG/?hl=ru Бүгін мектебімізде қолөнер бұйымдарына арналған күзгі жәрмеңке өтті! 🌟 Оқушылар өз қолдарымен жасаған әсем бұйымдарын, ерекше туындыларын көрермен назарына ұсынды. Жәрмеңке барысында шығармашылық идеялармен бөлісіп, жылы көңіл-күй сыйланды. 💫 Бұл шара – оқушылардың еңбекқорлығын, талғамын және өнерге деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталды. 💛
25 Қазан – Республика күні! 🎉
20
октябрь
2025
25 Қазан – Республика күні! 🎉
Бүгін мектебіміздің Өзін-өзі басқару ұйымы (Мектеп парламенті) оқушылар мен ұстаздарды Республика күнімен құттықтады! 💐 Бұл күн – еліміздің еркіндігі мен бірлігінің, татулығы мен тұрақтылығының символы. Біз тәуелсіз Қазақстанның болашағы үшін еңбек ететін, білімді де белсенді ұрпақпыз! 💪​https://www.instagram.com/school_14kosozen/reel/DQBPa2QCPZs/?hl=ru​​​
25 қазан — Республика күні!
16
октябрь
2025
25 қазан — Республика күні!
Осы мерекеге орай мектебімізде 9–11 сынып оқушылары арасында«Менің Қазақстаным — менің мақтанышым» тақырыбында эссе жазу байқауы өткізілді.✍️ Оқушылар өз шығармаларында туған елге деген сүйіспеншілігін, еліміздің жетістіктеріне деген мақтанышын және болашаққа деген сенімін көркем сөзбен жеткізді. Бұл іс-шараның басты мақсаты — жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, ел тәуелсіздігін қастерлеуге тәрбиелеу.
Біздің мектебіміздің мақтанышы, 10-сынып оқушысы Оқап Мейіржан аймақтық «Үздік командир» байқауында ІІ орын иеленді!
14
октябрь
2025
Біздің мектебіміздің мақтанышы, 10-сынып оқушысы Оқап Мейіржан
Бұл сайыс – оқушылардың көшбасшылық қабілетін, жауапкершілігін, тәртіп пен ұйымшылдығын сынға салған маңызды дода болды.Әскери жетекші Қонысбай С.Б