25
сентябрь
2024
**Құрметті достар!**
**Құрметті достар!**Сіздердің өмірлеріңіздегі ең қызықты кезеңдердің бірі – мектеп жылдары. Бұл жылдар тек білім алып, емтихандар тапсырумен ғана емес, сондай-ақ, арман-мақсаттарыңызды жүзеге асыруға жол ашатын кез. Ал сіз дайынсыз ба, мектеп өмірін өз қолыңызбен өзгертуді?**Өзін-өзі басқару ұйымы – бұл сіздің мектебіңіздегі мүмкіндіктер әлемі!**
Егер сізде мүлдем жаңа идеялар болса, мектептің дәстүрлі ережелерін сілкіндіріп, оны қызықты әрі шығармашылыққа толы орынға айналдырғыңыз келсе, дәл қазір сіздің сәтіңіз келді! Біз сізді мектеп өмірінің көшбасшысы болуға, өз арманыңызды жүзеге асыруға шақырамыз!
1. Біз шығармашылық алаңын құрамыз!** – әр оқушының талантын ашып, жаңа мүмкіндіктер береміз .Дебаттар ұйымдастарымыз мұндағы мақсат әрбір оқушының өз ойын ашық жеткізе алуына ұмтылу.
2. **Спорт және салауатты өмір салты** – дені сау ұрпақ – ұлт болашағы! Сондықтан біз спорттық жарыстар мен дене шынықтыру іс-шараларын жиі өткіземіз.
3. **Әлеуметтік жауапкершілік** – қоғамға өз үлесімізді қосып, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беретін жобаларды жүзеге асырамыз.
4. **Оқушылардың құқықтары мен мүдделері** – әр оқушының дауысы естілуі тиіс! Біз сіздердің мәселелеріңізді шешуге, құқықтарыңызды қорғауға дайынбыз.
Бұл тек бастамасы ғана! Алда әлі талай қызықтар бар! Біздің ұйым – әрбір оқушының пікірі мен арманы орындалатын орта. Біз сіздерді белсенділікке, ынтымақтастыққа, бірлікке шақырамыз! Өйткені, мектеп өмірінің жарқын келешегі – сіздердің қолдарыңызда!
Келіңіздер, бірге үлкен өзгерістерді бастайық!
Құрметпен,
Өзін-өзі басқару ұйымы атынан
Бердибаев Азамат
Мектеп президенттігі не үміткер