"Мектеп асханасы" акциясының өткізілуі » №14 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№14 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мектеп асханасы" акциясының өткізілуі
13
февраль
2020

"Мектеп асханасы" акциясының өткізілуі

  «Ас - адамның арқауы» демекші уақытылы  әрі сапалы тамақтанудың адам ағзасы үшін маңызы зор. Денсаулықтың жақсы болуы адамның дұрыс тамақтануына байланысты. Дұрыс тамақтану әсіресе балалардың дұрыс өсіп жетілуі  үшін қажет. Мектеп жасындағы балалардың тамақтануында әр мәселенің маңызы бар, себебі, балалық шақта адамның ақыл-ойы мен денесінің бүкіл өмірлік қорының іргесі қалыптасады.  Ал тағам – бұл үшін қажетті қуат пен заттектердің алынатын жалғыз қайнар көзі.

      Ұрпағымыздың сау, ақылды және белсенді болып өсуіне көмектесу мақсатында оқушының жасына байланысты физиологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыратын дұрыс тамақтандыруды № 14 орта мектеп басшылығы да негізгі мәселе ретінде қолға алған.  

      Қаңтар, ақпан айларында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым   министрінің 2015 жылғы  №198 бұйрығының «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарна тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен тамақтанатын оқушылардың құжаттары жинақталып, тізім жасалды. Қазіргі таңда мектебімізде әлеуметтік  (жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көп балалы, толық емес, аз қамтылған) отбасынан шыққан 125 оқушы және  10 оқушы асхананы жалға алушылар есебінен ыстық тамақпен тамақтанады. Сонымен қатар мектеп асханасында күнделікті мектеп оқушыларына арналып ақылы түрде бәліш, тоқаштар,  түрлі тағамдар әзірленеді.  

      2020 жылдың 27 қаңтар мен 28 ақпан аралығында «Мектеп асханасы» акциясы өткізілуде.  Акция барысында атқарылатын  жұмыс жоспары құрылып, жұмыстар жүргізілуде. Жоспарға сәйкес «Таза қол» түсіндіру жұмыстары,   «Дәрумендер әлемі» сынып сағаттары, «Ас-адамның арқауы» тақырыбында көрме, «Мектептегі тамақтану» сауалнама жұмыстары, «Менің арманымдағы асхана» эссе, өлең байқаулары, «Мектеп асханасы» фотоколлаж жасау жұмыстары  атқарылмақ.   

         Дұрыс тамақтану – бұл, ең алдымен, организмді  дер кезінде жақсы әзірленген және тәтті тағаммен жабдықтау. Халық даналығында айтылғандай: «Жануарлар қанығады, адам жейді, ал ақылды адам тамақтана біледі».    Дұрыс тамақтану адамның қанын толтырады, күшін арттырады. Ал қаны толық, күші мол баланың   көңіл-күйі көтеріңкі болып, қабілеті ашылары сөзсіз. Осы орайда әр баланың көңілі көтеріңкі дені сау,  жаны жайдары болуы үшін аянбай еңбек етуіміз керек.




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив