18
январь
2024
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министиринің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығына 10- қосымша «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар және тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министиринің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығына 10- қосымша «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар және тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметті көрсету бойынша төмендегі жұмыстар жүргізілді:2024 жылдың қаңтар айының 03,04,05 күндерінен бастап аз қамтылған отбасылардан шыққан, жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мемлекеттік атаулы көмек алатын тегін және жеңілдетілген бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілген оқушылардың тізімі нақтыланып, бекітілді. 2023-2024 оқу жылына бір мезгіл тегін ыстық тамақты ұйымдастыру туралы, тамақтың сапалы берілуін тексеру комиссиясын құру туралы бұйрықтар бекітілді. Бюджет есебінен бөлінген бір мезгіл ыстық тамақтың бағасы оқу жылының IІ- жартысында 500 теңге. Қамтылған оқушылардың тиісті құжаттары жинақталды. Ыстық тамақпен қамтылған оқушылар саны – 249 Оның ішінде 1 – 4 сынып оқушылары – 220, 5 – 11 сынып аралығынан мемлекеттік атаулы көмек алатын аз қамтылған отбасынан шыққан, жетім немесе ата-ана қамқорлығынсыз қалған – 25, жалға алушы есебінен – 4 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды. Асхананың санитарлық-гигеналық тазалығы, ас сапасы және асхана кезекшілігінің дұрыс атқарылуы бойынша бұйрықпен бекітіліп, ай сайын коммисия мүшелері тексеру жүргізіп, АКТ толтырылады.