Материалы за Октябрь 2025 года » Страница 3 » №14 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№14 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Октябрь 2025 года » Страница 3
✨ Мектеп президентін сайлау – оқушылар өміріндегі маңызды сәт! ✨
10
октябрь
2025
✨ Мектеп президентін сайлау – оқушылар өміріндегі маңызды сәт! ✨
https://www.instagram.com/school_14kosozen/reel/DPnq-zkiMHK/?hl=ru Бүгін мектебімізде мектеп президентін сайлау өтті. Бұл шараға ұстаздар мен 8–11 сынып оқушылары белсене қатысып, өз таңдауларын жасады. 🗳️ Сайлау — оқушылардың белсенділігін арттырып, жауапкершілік пен көшбасшылық қасиеттерін дамытуға бағытталған маңызды іс-шара болды. 💫 Барлық үміткерлерге сәттілік тілейміз! 🤝 Жаңа мектеп президентіне шығармашылық табыс пен үлкен жетістіктер тілейміз! 🏆
Бүгін Бас Прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен құқықтық тәртіп саласында цифрлық құралдарды дамытуға, қылмыстық қатерлерді болжауға және қылмыспен күрес тиімділігін арттыруға арналған үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
08
октябрь
2025
Бүгін Бас Прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен құқықтық тәртіп
Өз сөзінде Бас Прокурор цифрлық прогрестің жаһандық дамудың негізгі қозғаушы күшіне айналып отырғанын атап өтті.«Мемлекет басшысы цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу жөніндегі стратегиялық бағыттыайқын белгіледі. Осы тапсырмаларды орындау мақсатында елде ауқымды қадамдар жасалды: Жасанды интеллект министрлігі құрылды, Парламент Цифрлықкодекс жобасын қарауда, ал Мәжіліс Жасанды интеллект туралы заңды қабылдады», – деді Берік Асылов. Ол құқық қорғау саласында IT-технологияларды қолдану
Мектеп асханасы – балалар көзімен.
07
октябрь
2025
Мектеп асханасы – балалар көзімен.
https://www.instagram.com/school_14kosozen/reel/DPf9sn_CI5B/?hl=ru Мектеп асханасы – балалар көзімен. Бүгін біздің оқушылар “Таза асхана” акциясына қатысты. Балалар ұстаздарымен бірге мектеп асханасын аралап, тазалық пен тәртіптің сақталуын тексерді. Оқушылар асхана қызметкерлерінің ұқыптылығын, азық-түліктің тазалығын және жайлы атмосфераны атап өтті. Мұндай іс-шаралар оқушылардың денсаулыққа жауапкершілікпен қарауын және дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Бүгінгі мерекеде жас мамандарымыз өз өнерлерін паш етіп, ұстаздарға арналған әсерлі концерттік бағдарлама ұсынды!
06
октябрь
2025
Бүгінгі мерекеде жас мамандарымыз өз өнерлерін паш етіп, ұстаздарға
​https://www.instagram.com/school_14kosozen/reel/DPdAbVQCLwX/?hl=ru​​​ Көңілді әндер, жүрекжарды тілектер мен шабытқа толы сәттер — бәрі де ұстаздарға деген шынайы құрметтің белгісі болды. 💐 Ұстаз — мәңгілік шамшырақ, ал жас мамандар — сол жарықты жалғаушы буын! 🌟
Бүгін 10-сынып оқушылары сүйікті ұстаздарын ерекше ықыласпен қарсы алды!
06
октябрь
2025
Бүгін 10-сынып оқушылары сүйікті ұстаздарын ерекше ықыласпен қарсы
https://www.instagram.com/school_14kosozen/reel/DPc9zLwiPZ1/?hl=ru Бүгін 10-сынып оқушылары сүйікті ұстаздарын ерекше ықыласпен қарсы алды! 🌷 Мектеп ауасы мейірім мен алғысқа толы — әрбір оқушының жүзінде шаттық, ал ұстаздардың жанарында ризашылық сезімі байқалды. 💐 Ұстазға деген құрмет – мәңгілік! Білім шамын жаққан барлық ұстаздарға алғысымыз шексіз! ❤️📚
✨ Бүгін Қарттар күні мерекесіне орай 5 “А” сынып оқушылары ардагер ұстазымызды құттықтап, жүрекжарды тілектерін жеткізді. 🙌💐
01
октябрь
2025
✨ Бүгін Қарттар күні мерекесіне орай 5 “А” сынып оқушылары ардагер
https://www.instagram.com/school_14kosozen/reel/DPQsxThiIXg/?hl=ru ✨ Бүгін Қарттар күні мерекесіне орай 5 “А” сынып оқушылары ардагер ұстазымызды құттықтап, жүрекжарды тілектерін жеткізді. 🙌💐 Ұстазға деген құрмет – ұрпаққа үлгі, ал үлкенге сый – адамгершіліктің асылы. ❤️ Ардагер ұстазымыздың еңбегі – жас ұрпақтың болашағына бағыт беретін шамшырақ. 🌟
Құрметті ардақты қарттар!
01
октябрь
2025
Құрметті ардақты қарттар!
https://www.instagram.com/school_14kosozen/reel/DPQSdOJCAeH/?hl=ru Сіздерді 1 қазан – Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Қария – елдің қазынасы, шаңырақтың шаттығы, ұрпаққа үлгі-өнеге. Сіздердің өмір жолдарыңыз – кейінгі ұрпаққа тағылым, ақыл-кеңестеріңіз – біз үшін асыл қазына. Мектебіміздің ұжымы атынан дендеріңізге саулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық, шаттық пен береке тілейміз! Ұрпақтарыңыздың қызығына кенеліп, әрдайым құрмет пен ізетке бөлене беріңіздер!
Назад 1 2 3 Вперед