Бүгін Бас Прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен құқықтық тәртіп саласында цифрлық құралдарды дамытуға, қылмыстық қатерлерді болжауға және қылмыспен күрес тиімділігін арттыруға арналған үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. » №14 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№14 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бүгін Бас Прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен құқықтық тәртіп саласында цифрлық құралдарды дамытуға, қылмыстық қатерлерді болжауға және қылмыспен күрес тиімділігін арттыруға арналған үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
08
октябрь
2025

Бүгін Бас Прокурор Берік Асыловтың төрағалығымен құқықтық тәртіп саласында цифрлық құралдарды дамытуға, қылмыстық қатерлерді болжауға және қылмыспен күрес тиімділігін арттыруға арналған үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Өз сөзінде Бас Прокурор цифрлық прогрестің жаһандық дамудың негізгі қозғаушы күшіне айналып отырғанын атап өтті.«Мемлекет басшысы цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу жөніндегі стратегиялық бағыттыайқын белгіледі. Осы тапсырмаларды орындау мақсатында елде ауқымды қадамдар жасалды: Жасанды интеллект министрлігі құрылды, Парламент Цифрлықкодекс жобасын қарауда, ал Мәжіліс Жасанды интеллект туралы заңды қабылдады», – деді Берік Асылов.

Ол құқық қорғау саласында IT-технологияларды қолдану прокуратура қызметінің басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Қылмыстық процесс, әкімшілік сот ісін жүргізу, мемлекеттік бақылау және азаматтардың өтініштерімен жұмыс толықтай цифрландырылды.

Бұл құралдар жыл сайын ондаған мың азамат пен кәсіпкердің құқықтарын қорғайды.

Ұлттық цифрлық платформа арқылы инвесторларды қорғау тетігі жолға қойылды: 20 қаңтардан бастап бірде-бір мемлекеттік орган прокурордың келісімінсіз инвесторды тексеруге, жауапкершілікке тартуға, қызметін тоқтатуға немесе лицензиясын қайтарып алуға құқылы емес.

«Бүгін цифрлық жүйелер тек құқық бұзушылықтарды тіркеп қана қоймай, оларды алдыналуы да маңызды. Осы мақсатта жасанды интеллект технологияларын пайдаланатын “Цифрлық қадағалау” жүйесі құрылды», – деп атап өтті Бас Прокурор.

Аталған жүйе мәліметтерді талдайды, мемлекеттік органдардың деректер базаларына, «ақылды» камераларға, дрондарға қосылған және іздеудегі адамдар санын 24%-ға азайтуға мүмкіндік берді.

Бұл технология қоғамдық тәртіпті бұзушылықтардың, заңсыз кен өндірудің алдын алуда, пробация есебіндегі тұлғаларды бақылауда және құқыққорғау қызметінің басқа да маңызды бағыттарында қолданылады.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив