Білім беру ұйымдарында «Заң және тәртіп» құқықтық сауаттылық айлығы
Қазақстанда 8 қаңтардан бастап «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Заң және тәртіп» құқықтық сауаттылық айлығы өтуде. Оған еліміздегі барлық білім беру ұйымдарының оқушылары мен колледж студенттері қатысуда. Бұл шара білім алушылар арасында құқықтық мәдениетті көтеру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқыққа деген құрметті қалыптастыруға бағытталған. Айлық аясында заң нормаларын түсіндіру, құқық бұзушылықтың салдары туралы ақпараттандыру мақсатында білім беру ұйымдарында