Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау мақсатында прокуратура құқық қорғау және арнайы органдармен бірлесіп, есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша күшейтілген жұмыс жүргізуде. » №14 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№14 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау мақсатында прокуратура құқық қорғау және арнайы органдармен бірлесіп, есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша күшейтілген жұмыс жүргізуде.
04
декабрь
2025

Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау мақсатында прокуратура құқық қорғау және арнайы органдармен бірлесіп, есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша күшейтілген жұмыс жүргізуде.

Арнайы прокурорлар интернеттегі есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша бірқатар ірі істерді тергеп-тексеруді аяқтап, сотқа жіберді.

Шымкентте Telegram мессенджері арқылы жұмыс істейтін халықаралық есірткі желісінің жолы кесілді.
Тергеп-тексеру басқа құқық қорғау және арнайы органдармен бірлесіп жүргізілді.
Прокуратураның бастамасымен қазақстандық жедел- тергеу тобына халықаралық деңгейде осы жұмыста тәжірибесі бар АҚШ-тың есірткі бизнесіне қарсы күрес ведомствосының (DEA) қызметкерлері енгізілгенін атап өткім келеді.

Қылмыстық схемаға 300-ден астам адам қатысқан.
Тек екі айыпталушының транзакциялары бойынша айналым 7 миллион АҚШ долларынан асқаны белгілі болды.
24 адам ұсталды, олардың арасында Ресей, Өзбекстан және Ауғанстан азаматтары бар.
500 миллион теңгеден астам мүлік тәркіленді.
Ақша «дропперлердің» банк карталары және лицензияланбаған криптобиржалары арқылы аударылып отырған.
Криптовалюталардың түпкілікті алушылары — шет елдердің азаматтары.
Сондай-ақ тергеу барысында Шымкент аумағынан екі есірткі зертханасы табылып, олар жойылды.
Олардан:
– 6,1 кг дайын мефедрон;
– 330 грамм сатуға арналған оралған есірткі;
– 2,1 тонна прекурсор;
– есірткі өндіруді қамтамасыз етіп отырған зертханалық жабдықтар жиынтығы алынды.
Қылмыстық желі «Карбон», «DDD_Shym» және басқа Telegram арналарын пайдаланған, олар арқылы есірткі таратылып қана қоймай, сонымен қатар «алғашқы қолданушыларға» оларды өндіру әдістерін үйреткен.
Кейбіреулер прекурсорларды жеткізетін және айналымды бақылайтын негізгі желімен байланысын сақтай отырып, өз арналарын ашты.
Осындай тәсілдер еліміздің басқа өңірлерінде тергеп-тексеруде қолданылды.
Ұлытау мен Маңғыстау облысының арнайы прокурорлары бастаған жедел-тергеу топтары синтетикалық есірткі сатуға әлеуметтік желілерді пайдаланатын есірткі сатушылардың екі таралған желісінің қызметін әшкереледі.
Екі істе сотқа жіберілді.

Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив