16
январь
2026
✨Жас ұстаз: табысқа апарар жол
https://www.instagram.com/school_14kosozen/reel/DTkFQmRiHQT/?hl=ru
Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде IV аймақтық «Жас ұстаз: табысқа апараржол» форумы өз жұмысын қорытындылады. Форумда ауылдық білім беру саласының жауапкершілігін өз мойнына алуға дайын ең табысты жас мұғалімдері бас қосты.
Форумның ашылу салтанатында Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Асхат Қанатов пен Педагогикалық шеберлік орталығының филиал директоры София Камалова жас ұстаздардың білім беру жүйесінің тірегі әрі болашағын айқындайтын маңызды буын екенін атап өтті.Сонымен қатар жас ұстаздар алдында бүгінде өз саласында жемісті еңбек етіп жүрген табысты мотивациялық спикерлер сөз сөйледі.
Форумда жасанды интеллект құралдарын қолдану, геймификация енгізу, пәнаралық интеграция және тағы басқа кәсіби басымдықтарға арналған тақырыптық алаңдар жұмыс істеді.
Айта кетейік, NIS Педагогикалық шеберлік орталығы еңбек жолын жаңа бастаған мұғалімдердің кәсіби бейімделуіне жүйелі түрде қолдау көрсетіп келеді. Орталықтың ең танымал жобаларының бірі саналатын «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» жас мұғалімдердің біліктілігін арттырудың жаңа шығармашылық алаңын құруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар тұрақты түрде білім беру саласының ең өзекті тақырыптарына арналған курстар мен семинар-тренингтер, жас мамандардың сабақтарын бақылау шаралары ұйымдастырылады. Аймақтық жас мұғалімдер форумы өзге өңірлерде де жалғасуда.