06
февраль
2026
«Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» тақырыбында жалпы мектеп ата-аналар жиналысы өтті.
https://www.instagram.com/school_14kosozen/reel/DUaFjV2CM9f/?hl=ru
Жиналыс барысында оқушылардың қатысуымен ұйымдастырылған концерттік бағдарлама көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Мектеп директорының уақытша міндетін атқарушы Г.К. Жетигенова ата-аналарға алғыс сөзін айтып, мектеп оқушыларының бірінші жартыжылдықтағы оқу жетістіктеріне тоқталды.
Алғыс сөзден кейін мектеп психологы Е.Қ. Кумуржан ата-аналарға арналған тренинг өткізіп, қатысушылардың көңіл күйлерін көтеріп, жағымды психологиялық ахуал қалыптастырды.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Э.Б. Кушимова өз сөзінде бала қауіпсіздігі, оның ішінде мектептегі және тұрмыстағы қауіпсіз орта қалыптастырудың маңызын атап өтті.
Сонымен қатар, мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтар бірінші жартыжылдықта атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, ата-аналармен тығыз ынтымақтастықтың маңыздылығын жеткізді.
Жиналыс ата-ана мен мектеп арасындағы өзара байланысты нығайтып, бала тәрбиесіне бірлесе жауапкершілікпен қараудың маңызын көрсетті 🤝