04
март
2026
«Ана – өмір шуағы» атты мерекелік іс-шараны 5 «А» сынып оқушылары аналарына арнап ұйымдастырды. Шараның мақсаты – аналарға құрмет көрсету, олардың мейірімі мен қамқорлығын дәріптеу, оқушылардың анаға деген сүйіспеншілігін арттыру.
https://www.instagram.com/school_14kosozen/reel/DVdVPsJiMqX/?hl=ru
Кеш барысында оқушылар аналарға арнап жүрекжарды өлеңдер оқып, әсем әндер орындап, би биледі. Сонымен қатар аналарға арналған арнайы дайындалған бейнеролик көрсетілді. Бейнероликте оқушылардың аналарына деген жылы лебіздері мен алғыс сөздері қамтылып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, барша аналарға көтеріңкі көңіл күй мен қуаныш сыйлады.
Шараның ұйымдастырушысы – 5 «А» сыныбының жетекшісі Тобаева Н.С.