27
апрель
2026
ХАБАРЛАНДЫРУ
Құрметті білім алушылардың ата-аналары және заңды өкілдері!2026 жылғы 06 сәуір мен 15 мамыр аралығында білім алушылардың жекелеген санаттарына 2026–2027 жаңа оқу жылына қажетті мектеп формасы мен кеңсе құралдарын сатып алуға бір реттік қаржылай көмек алуға өтініштер қабылданатынын хабарлаймыз.
📅 Қабылдау уақыты:
Дүйсенбі–жұма күндері
🕘 09:00 – 17:00
📄 ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ:
1. Өтініш берушінің жеке куәлігі
(көшірмесі және түпнұсқасы);
2. Мәртебесіне сәйкес құжаттар:
әлеуметтік төлқұжат (eGov арқылы);
ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлік;
некені бұзу туралы куәлік;
жалғызбасты ата-ана екендігін растайтын анықтама;
3. АӘК (АСП) алатыны туралы анықтама (eGov):
Ескерту: АӘК алушылар тек осы анықтаманы, жеке куәлік көшірмесін және спецшот тапсырады.
4. Табысы туралы анықтама:
жұмыс істейтін болса – соңғы 6 ай жалақы;
жұмыс істемесе – ЕНПФ анықтамасы;
5. Арнайы шот (спецшот):
Халық банк немесе Қазпошта арқылы алынған 20 таңбалы шот.
⚠️ МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ:
Жан басына шаққандағы табыс 50 851 теңгеден аспауы тиіс;
Жалған құжат тапсырғандарға көмек берілмейді;
Жауапкершілік ата-анаға жүктеледі;
ХҚКО-ға барудың қажеті жоқ.
📢 Барлық құжаттарды уақытында тапсыруды сұраймыз!