16
октябрь
2019
Рухани жаңғыру: Балпық бидің 325 жылдығы
Балпық би (1705–1780) – әулие, би, ел басқарған көсем, қол бастаған батыр, сөз бастаған шешен. Балпық әулиенің ел басқарған қоғамдық қызметі дұшпаннан тепкі көрген елін сонау Сырдың бойынан Жетісуға қайта қоныс аудару тұсында ерекше байқалды.
«Кімнің батыр екенін жау келгенде білерсің, кімнің шешен екенін дау келгенде білерсің» деген қанатты сөздер Балпық би атамыздан қалып осы күнге жетіп отыр. Түсінген адамға осы бір сөздің астарында қаншама ой жатыр десеңізші.
Он екі ата Жалайырдың ішіндегі біртуар тұлға Балпық атамыз сонау қиын- қыстау заманда үзеңгілес досы Ескелді би және Қабан жыраумен бірге халқын жаудан қорғап, елін қырылып кетуден сақтады. Балпық би атамыздың данышпандығы мен көрегендігі өз алдына, ол кісінің әулиелігі жайында әңгімелер ел арасында көптеп таралған. Ұлы тұлғаны жас ұрпақ арасында ұлықтау мақсатында №14 орта мектепте 8,9,10-сынып оқушыларының қатысуымен сахналық көрініс қойылды. Сахналық қойылымнан мектеп оқушылары рухани азық алып, төл тарихымыздың тамырымен тереңінен танысты.