Президенттік олимпиада жеңімпаздары » №14 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№14 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Президенттік олимпиада жеңімпаздары
12
октябрь
2022

Президенттік олимпиада жеңімпаздары

ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен математика, физика, биология және химия пәндерінен президенттік олимпиада өткізілді. 
      Олимпиаданың басты мақсаты: жаратылыстану-математикалық бағытта дарынды оқушыларды анықтап, оларға қолдау көрсету, білім-білігі мықты талантты жастарға жағдай жасай отырып, патриоттық рухын биіктетіп, елдік тұрғыда тәрбие беру. 
      Жалпы білім беретін ұйымдарының түлектеріне арналған Президенттік олимпиадасына   биылғы оқу жылының түлектері қатысты.  Олимпиаданың әрбір қатысушысы барлық кезеңдерінде төрт пән: математика, физика, химия және биология бойынша тапсырмаларды орындады.
   11 сынып оқушылары осы сынға қатысып, Ясын Эльнура  – жүлделі І орын иеленсе, Абикен Жұлдызай  – жүлделі ІІІ орын иеленді. 
Шәкірттерімізді құттықтай отырып, шығармашылық табыстар тілейміз!