3 мың инвестициялық жобаны сүйемелдеу: Бас прокуратура халықаралық бизнеспен әріптестікті нығайтуда » №14 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№14 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 3 мың инвестициялық жобаны сүйемелдеу: Бас прокуратура халықаралық бизнеспен әріптестікті нығайтуда
05
май
2026

3 мың инвестициялық жобаны сүйемелдеу: Бас прокуратура халықаралық бизнеспен әріптестікті нығайтуда

Бүгін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен «Қазақстандық шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығы (ҚШИКҚ) арасындаынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюдың салтанатты рәсімі өтті.Құжатқа Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов пен ҚШИКҚ Басқарма төрағасы Ерлан Досымбеков қол қойды.
Іс-шараға Бас прокуратураның, Сыртқы істер министрлігінің, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-ның басшылығы, сондай-ақ ҚШИКҚ Басқармасы мен Атқарушы комитетінің мүшелері қатысты.

Берік Асылов өз сөзінде инвестиция тарту ұлттық маңызы бар мәселе екенін атап өтіп, прокуратура органдары «Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде құқық бұзушылықтарға әрекет етуден бизнестегі проблемалардың жүйелі алдын алуға көшуді қамтамасыз етіп отырғанын айтты.

Соңғы үш жылда кәсіпкерлерге қатысты тіркелген қылмыстық істер саны 4 есеге немесе 71,5%-ға қысқарды.

Ағымдағы жылы 2025 жылдың I тоқсанымен салыстырғанда бизнеске кедергі келтіру фактілері бойынша әкімшілік өндірістер саны 3 есеге (16-дан 50-ге дейін) өсті (ҚР ӘҚБтК-нің 173-бабы).

Бизнестің құқықтарын қорғау тетіктерін дамыту цифрландырумен және жасанды интеллект технологияларын енгізумен тығыз байланысты қарастырылуда, бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған стратегиялық бағытқа сәйкес келеді.

Қазіргі уақытта прокуратура органдары жалпы сомасы 100 трлн теңгені құрайтын шамамен 3 мың инвестициялық жобаны сүйемелдеуде. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 250-ден астам жоба іске қосылып, 30 мың жұмыс орны құрылды.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив