Қазақстан Бас Прокурорының Макаоға жұмыс сапарының қорытындылары туралы Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Макаоға жұмыс сапарымен барды. » №14 ОРТА МЕКТЕП
Алматы облысы
Іле ауданы білім бөлімінің
"№14 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қазақстан Бас Прокурорының Макаоға жұмыс сапарының қорытындылары туралы Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Макаоға жұмыс сапарымен барды.
21
май
2026

Қазақстан Бас Прокурорының Макаоға жұмыс сапарының қорытындылары туралы Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Макаоға жұмыс сапарымен барды.

Қазақстан Бас Прокурорының Макаоға жұмыс сапарының қорытындылары туралы 
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Макаоға жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында қазақстандық қадағалау органының басшысы мен Макаоның Әкімшілік және әділет мәселелері жөніндегі хатшысы Вонг Сио Чак жасырынып жүрген қылмыскерлерді ұстап беру; қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек; және сотталған адамдарды беру туралы мемлекетаралық үш келісімге қол қойды.

Жасырынып жүрген қылмыскерлерді ұстап беру туралы келісім бір юрисдикция аумағында қылмыс жасап, екінші тарап аумағында жасырынып жүрген адамдарды экстрадициялаудың құқықтық тетігін орнатады.

Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шарт Қазақстан мен Макаоның құқық қорғау органдарының қылмыс жасағаны үшін күдіктілер мен айыпталушылардың кінәсін дәлелдеуге бағытталған процестік әрекеттерді жүзеге асыру, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған мүлікке тыйым салу және оны тәркілеу шараларын қабылдау кезіндегі өзара іс-қимылының халықаралық-құқықтық негізін қалыптастырады.

Сотталған адамдарды беру туралы келісім шетелде қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыру жазасына сотталған тараптар азаматтарына шетел соттары тағайындаған жазаны өз азаматтығы тиесілі аумағында өтеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Б.Асылов Макаоның Бас прокуроры Тонг Хио Фонгпен кездесіп, халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, трансұлттық қылмыс түрлеріне қарсы бірлескен іс-қимыл, инвестицияларды қорғау және тарту, қылмыстық жолмен алынған активтерді іздестіру және қайтару мәселелерін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты тереңдету, жедел ақпарат алмасу бойынша алдағы қадамдарды айқындап, өзара қызығушылық тудыратын өзге де құқықтық мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасауға уағдаласты.

Айта кету қажет, Азиядағы негізгі қаржы орталықтарының бірі болып табылатын Макаомен халықаралық ынтымақтастықты орнату Қазақстан Бас прокуратурасы мен Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің бірлескен жұмысының нәтижесінде мүмкін болды.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив